«Бар мейіріміміз балаларға» атты ертеңгілік


Айдарлы ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балалар күніне орай №139 орта мектепте балаларға арналған жазғы тынығу лагері ашылған. Осы ашылу салтанатында кітапхана мектеп оқушыларымен, тәрбиешілермен бірге отырып «Бар мейіріміміз балаларға» атты ертеңгілік ұйымдастырылды. Құттықтау сөз мектеп директоры Смайлова Гүлбану апайға берілді. Гүлбану апай балаларға тынығу лагерінде жақсы тынығып, кітапханаға барып кітаптар алып оқиды. Түрлі сайыстарға қатысып үлгілі бала болуларына тілек білдіреді. «Балдәурен» тынығу лагеріндегі балалар өлең айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті, ата-аналарын қуанышқа бөледі. Ертеңгілікті қорытындылап балаларға сыйлықтар таратылды. Кеш соңында кітапханашы Г.Андасбаева «Ертегілер әлемі» атты кітап көрмесімен таныстырып балаларды кітапханаға келіп кітап оқуға шақырды. Кеш соңында балаларға балмұздақ таратылды. Сол күні кітапханаға 3 оқырман тіркелді.