«Бақытты балдырғандар» атты ертеңгілік


Жетікөл ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен 1 маусым –Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бақытты балдырғандар» атты ертеңгілік өткізілді. Бұл шара барысында кітапханашы балаларды мерекелерімен құттықтап, бақытты балалық шақ тіледі. Кішкентай бүлдіршіндер тақпақ айтып, бір-біріне жұмбақтар жасырды. Ал оқушы балалар ән айтып, қазақтың мақал-мәтелдерін айтып жарысты. 5-ші сынып оқушылары «Бал балалық», «Мереке»әндерін шырқады. Жүргізуші Айдана ойын түрінде жылдамдыққа баулитын тез жауап алу үшін әртүрлі сұрақтар қойып шараны қызықтырды. Соңында кітапханашы балаларға балмұздақ сыйлады.