«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышым» атты интеллектуалды ойыны


Н.Ілиясов ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер – рәміздермен жан – жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау,мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту, Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу мақсатында Қазақстан Республикасының рәміздерінің 25 жылдық мерекесіне орай кітапхананың оқу залында кітапхана оқырмандарымен бірлесіп «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышым» атты интлектуалды ойын 3 маусым күні сағат 10 00 өткізілді. Ойын 4 бөлімнен тұрды 1 кім жылдам әр топқа 10 сұрақтан берілді, 2 кім зерек викториналық сұрақтар,3. Тез ойла, сөз құра (бұнда берілген арнайы сөзден жылдам бірнеше сөз құрай керек) 4. Мақал сөздің мәйегі берілген мақалдың жасырылған бөлігің тауып екі тілде айту керек.Ойынға әр қайсысы үш адамнан тұратын «Сұңқар», «Жасұлан», «Қыран» атты топтар қатысты.Ойынды ауылдық жастар ісі жөніндегі инспектор Каленова Фариза мен мәдениет үйінің әдіскері Құрақбаева Жадыраның бағалап, бірінші орынды 88 ұпаймен «Қыран» тобы, екінші орынды 82 ұпаймен «Жасұлан» тобы, 3 үшінші орынды 77 ұпаймен «Сұңқар» тобы иеленді. Ойын интерактивті тақтамен арнайы ұяшықтар арқылы берілді, қалаған ұяшықтағы сұрақтарға топтар жауап берді.ойынның соңында Акпар Айару ақын А. Ибрагимұлының «Рәміздер» атты өлеңін жатқа оқып берді.ойын соңында кітапханашы «Мемлекттік рәміздер-тәуелсіздігіміздің символы» атты кітап көрмесімен таныстырып өтті. Нәтижесінде ойынға қатысушы «Сұңқар» тобының жетекшісі Зұлбұқарқызы Ұлбике ойын барасында өздері жауап бере алмаған сұрақтармен танысу үшін «Конституция» кітабын жаздырып алды.