«Мақтанышым мемлекеттік – Рәміздер» атты танымдық сағаты


№2 филиал кітапханасының ұйымдастыруымен 4 маусым Қазақстан Республикасының МемлекеттікТуы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы Қазақстан рәміздері күніне арналған «Мақтанышым мемлекеттік-Рәміздер» атты танымдық сағаты Т.Қозыбаев атындағы №131 орта мектебінің жанынан құрылған «Балауса» жазғы тынығу лагерінде, бастауыш сынып оқушылары, лагерь тәрбиешілерімен бірігіп өткізілді.

Шараның мақсаты: Туған ел, Отан, Қазақстан туралы білімдерін кеңейту, тәуелсіздік туралы түсінік беру, сөздік қорларын байытып, тіл мәдениетін жетілдіру. Қазақстан Республикасының рәміздері жөнінде түсініктер беру және білімдерін бекіту. Мақал – мәтелдер, өлең, тақпақтар арқылы сөздік қорын дамыту. Түсіну, есте сақтау, жаттап алу қабілеттерін қалыптастыру. Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, мемлекеттік тілді, рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу, ел азаматы атағына лайықты елінің патриоты болуға тәрбиелеу.Шара еліміздің әнұранымен басталады, Балаларға Қазақстан жерін картадан көрсетеді, балалар біздің байтақ жеріміз Қазақстанның табиғаты алуан түрлі, жері кең, байтақ. Оны білу немесе түсіну үшін картаны пайдалану қажет. Сонда қай жерде қала, әдемі ормандар, биік таулар, теңіз, көл, қазына байлықтары бар екендігін картадан білесіңдер. Шараға «Балауса» жазғы тынығу лагерінің тәрбиешісі Абылайқызы Ақтолқын балаларды мерекемен құтықтады.