«Мемлекеттік Рәміздер – Тәуелсіздік тұмары» атты тақырыптық кеш


А.Тоқмағамбетов модельды ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен оқу залында 4 маусым – ҚР Мемлекеттік Рәміздер күніне орай «Мемлекеттік Рәміздер-Тәуелсіздік тұмары» атты тақырыптық кеш мектеп оқушылары, кітапхана оқырмандары арасында өткізіліп, барлығы 18 адам қатысты. Мәдени шараның мақсаты: Ұлттық құндылықтар мен қағидалар дәріптелген Егемен еліміздің мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы жайлы жастарға түсіндіру. Мемлекеттік нышандарда көрініс тапқан тарихи дамудың ерекшеліктері, тәуелсіз мемлекеттің философиясы мен ой-санасы, қазақ халқының сан ғасырлық арман-мұратын айту болды. «Мемлекеттік Рәміздер-ұлт байрағы» атты кітап көрмесіндегі әдебиеттер таныстырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.