«Мемлекеттік Рәміздер – ұлт мақтанышы» атты ауызша журналы


Аудандық балалар кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 4 маусым ҚР Мемлекеттік Рәміздер күніне-25 жыл толуына орай оқу залында «Мемлекеттік Рәміздер-ұлт мақтанышы» атты ауызша журнал мектеп оқушылары мен кітапхана оқырмандары арасында өткізіліп, барлығы 15 адам қатысты. Арнайы «Мемлекеттік Рәміздер-Тәуелсіздік тұмары» атты кітап көрмесі ұйымдстырылып,насихатталды.

Мәдени шараның мақсаты: Жетпіс жыл бойы қазақ халқы өзіне тән қасиеттерін ескеретін рәміздерін қабылдай алмағандығын айту. Елбасы Н.Ә.Назарбаев 1992 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы туралы», «Қазақстан Республикасының Елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің музыкалық редакциясы туралы» Заңына қол қойылып, сол күннен бастап бұл күн 4 масым-ҚР Мемлекеттік Рәміздер күні болып белгілендігін айту. Өскелең жас ұрпақты өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге, туған жер киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін айтып насихаттап жеткізу болды.