«Ту, Елтаңба, Әнұран – тірегіміз, туған ел деп соғады-жүрегіміз» атты жыр сағаты


Ақжарма модельды ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 4 маусым – ҚР Мемлекеттік Рәміздер күніне орай «Ту, Елтаңба.Әнұран-тірегіміз, туған ел деп соғады-жүрегіміз» атты жыр сағаты кітапхана оқырмандары, жастар мен мектеп оқушылары арасында өткізіліп, барлығы 16 адам қатысты. Мәдени шараның мақсаты: Мемлекеттік нышандарымызды: Тәуелсіздік деген қасиетті ұғымды білдіретін мемлекеттік егемендіктің бірегей белгілері болып саналатын Мемлекеттік Рәміздерді насихаттап, таныстыру. Рәміздердің шығу тарихы, құрылымы, мәні туралы айтып насихаттау, жастарды елжандылыққа, патриоттық рухта тәрбиелеу, Отансүйгіштікке баулу, елінің Рәміздерін білуге, қастерлеуге үйрету болды. Қазақ ақындарының өлең-жырларын оқыту. «Мемлекеттік рәміздердің саяси мәртебесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.