«Әнұран – әніміз, ту, елтаңба – айбынымыз» атты брейн-ринг ойыны


Аудандық орталық кітапханасының пайдаланушыларға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен 4 маусым ҚР Мемлекеттік Рәміздер күніне-25 жыл толуына орай «Әнұран- әніміз, ту, елтаңба- айбынымыз» атты брейн-ринг ойыны №210 мектептің 9-10 сынып оқушылары арасында өткізіліп, шараға барлығы 18 адам қатысты. Шараның мақсаты: Жас оқырмандарға аса маңызды мемлекеттік белгілері жайлы айтып насихаттау, рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу және ата заңымызды, отанымыз туралы білімдерін көтеріп, патриоттық сезімдерін ояту болды. Шараны пайдаланушыларға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ә.Қосымова жүргізіп, Мемлекеттік рәміздер-еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар екендігін, Қазақ елінде тұратын және оны өз отаным деп білетін әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтып, жүрегінің терең түкпірінде сақтап, қашанда жадында ұстауы керек екендігін айтып жан- жақты мағлұматтар беріп өтті. Брейн-рингке Достық және Болашақ атты топтарының қатысуымен болып өтті. Брейн-ринг 3 кезең бойынша өткізілді. 1. Қазақстан- Елтаңбасымен еңселі. 2.Туымен түғырлы,Ән ұраным асқақ, 3. Айбыны асқақ, тұғыры биік- Ұлы Отан. Брейн-рингтің бірінші кезеңінде сайыскерлер мемлекеттік рәміздер жайлы сұрақтарға жауап беріп, «Достық» тобы басымдық көрсетіп, рәміздер жайлы көп білетіндіктерін көрсете білді. «Менің Елім – Тәуелсіз Қазақстан» атты 2 кезеңде Тәуелсіздік, Қазақстан, Елбасы жайлы сұрақтарға «Болашақ» тобы нақты, дұрыс жауап беріп «Достық» тобынан басым түсті, соңғы «Айбыны асқақ, тұғыры биік- Ұлы Отан» атты 3 кезеңде сайыскерлер Отан туралы мақал – мәтел айтып жарысты. Әдісқазылар алқасының шешімімен сайысқа қатысқан «Болашақ» тобы мен «Достық» топтары тең түсіп алғыс хаттарымен марапатталды. Шара соңында «Мемлекеттік рәміздер- киелі құндылық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.