«Айбыны асқақ, тұғыры биік – Ата Заң» үш бөлімнен тұратын кітап көрмесі


Тамыздың 28 жұлдызында «Айбыны асқақ, тұғыры биік – Ата Заң» үш бөлімнен тұратын кітап көрмесі ұйымдастырылып, аудан көлемінде көшпелі кітап көрмесі апарылды.

Кітап көрмесінің негізгі мақсаты: Өскелең ұрпақты өз заңдарын біліп құрметтеуге тәрбиелеу, өзінің конституциялық құқығы мен міндеттерін орындау мен құрметтеу, оған деген саналы қатынасты тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы білімді, оқырмандардың Ата Заңымыз жайындағы таным – білімдерін терең меңгеруді нығайту.

Кітап көрмесі үш бөлімнен тұрады:

  1. Бөлім «Ата Заң мемлекет дамуының іргетасы»
  2. Бөлім «Қазақстан – мәңгілік елдің ұлттық идеясы»
  3. Бөлім «Нұрсұлтан Назарбаев – әлемдік деңгейдегі қайраткер»

Бірінші бөлімге Ежелгі ата-бабамыздың конституцияларынан бастап, Қазақстан Республикасының конституциясы және кейінгі өзгерістер туралы мағлуматтар қойылды.

Екінші бөлімге Қазақстан мемлекеті туралы, соның дамыған және дамуы туралы кітаптар және фотоальбомдар, дәйек сөздер қойылды.

Үшінші бөлімге Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өмірбаянынан бастап, ой тоғамдары, жасаған еңбектері, маңызды іс-шараларда жасаған баяндамалары, жазған еңбектері қамтылған.