«Азалы күндер жаңғырығы» атты тарихи-таным кеші


Аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 31 мамыр- Саяси қуғын- сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Азалы күндер жаңғырығы» атты тарихи- таным кеші кітапхананың белсенді оқырмандарының қатысуымен өткізілді.

Мәдени шараның мақсаты: оқырмандарға саяси куғын-сүргін құрбандары жайлы жан-жақты мағлұматтар беру. Саяси сананы оятып адамгершілік көзқарасын қалыптастыру, Отансүйгіштікке, патриоттық сезімін оятып, батылдық, төзімділік, адамгершілік қасиеттерін дарыту. Саяси қуғын- сүргінге ұшыраған ақын- жазушылардың ерлігін, үлгі- өнеге ету.

Шараны кітапхана қызметкері жүргізіп, қазақ халқы сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап қаншама ауыр жылдары басынан кешкенін қойша қырылған репрессия жылдарында 140 мыңға жуық адам жазықсыз саяси қуғын- сүргінге ұшырап, 25 мың адамның атылып кеткенін, алғашқы құрбандары Алаш көсемдер, олардың ішінде қазақтың зиялы қауымының қаймағы болған ақын- жазушылар, ғалымдар, қоғам қайраткерлер болғандығын айтып өтті. Кітапхананы белсенді оқырманы Шапатбаев Серікбай ағай өздері аш- жалаңаш отырса да, жер аударылып келген өзде ұлт өкілдеріне қамқор болып жарты нанды бөлеп берген қазақ халқының адамгершілік, бауырмашылық қасиеттері жайлы айтып берді. Мектеп оқушылары ақын Асқар Кіребаевтың «Азалы күндер» атты өлеңін жатқа оқыды. Шара соңында «Наубат жылдар жаңғырығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.