«Кітапхана. Кітап. Отбасы» атты кітапхана оқырмандарымен бас қосу кеші


Сәкен Сейфуллин ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен 15 қыркүйек- Отбасы күніне орай кітапхананың оқу залында сағат 11 00 де «Кітапхана. Кітап. Отбасы» атты кітапхана оқырмандарымен бас қосу кеші кітап – білім мен тәрбиенің құралы ретінде жеке тұлғаны қалыптастыруда ерекше ықпалға ие екенің және әрбір ата-ана жастарды кітап оқуға шақыра отырып, оларды бірінші үй- өзімнің отбасың, ал екінші үй- бұл кітапхана деп тәрбиелеуі керектігін отбасылық оқудың пайдасы орасан зор деп біліп, одан алатын жастардың рухани тәрбиесі мәңгілік деп бала бойына кітаптың атадан қалған мұра, алтын қазына, көненің көзі, ескінің сөзі, атаның қасиеті, ананың мейірі, күннің нұры, білімнің қайнары екенін ұғындыру, кітапқа деген сүйіспеншілікті ұялату. Ата – анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұлмен қызы болуға тәрбиелеу.Ата – анасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету, қоғамға жат қылықтардан сақтандыру мақсатында өтті. Кешке кітапхана оұқырмандарымен мекеме қызметкерлері қатысты. Кеш барысында «Ізденсем, білсем» танымдық клубының мүшелері Алтынбеков Жандос пен Аманов Жалғас ақындар Ғ. Қайырбеков пен С. Тұрғынбековтың «Кітапхана журналына», «Кітап» атты өлеңдерін жатқа оқыды. № 137 мектептің мұғалімі Қараева Қуанышкүл апай отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата-анадан алады яғни баланың бас ұстазы ол-ата-анасондықтан баланы жақсылыққа білім мен кітап оқуға тәрбиелейтін ата –ана, сондықтан ата ана бірінші өзі кітап пен кітапханамен тығыз байланыста болып, өзі оқыған қызық кітаптарын балаларына оқуға ұсынып отырулары керек. деп айтып өтсе кітапхана оқырманы Қошқаров Бағдат Римнің саяси қайраткері жазушы Цицерон айтқандай «Үйде кітап жоқ деген сөз, бұл денемде жаным жоқ дегенмен бірдей» сондықтан әрбір отбасының өзіндік қадірлейтін құндылықтарының бірі өз кітапханалары болуы керек деп айтып өтті.Кеш барысында кітапханашы «Кітап мәңгі өлмейтін рухани қазына» атты кітап көрмесіндегі жаңа әдебиеттер мен қатар «Бүгінгі жастарға оқу керек кітаптар», «Ата анаң оқыған қызық кітап, сенде оқып көр» атты айдармен берілген кітап сөресіндегі әдебиеттермен таныстырып, оқуға ұсыныс жасап өтті. Нәтижесінде оқырман Аманов Жалғас Дефоның «Робинзон Крузосы мен Марк Твеннің Том Сойердің басынан кешкендері» атты кітаптарды жаздырып алды.