«Кітапхана. Оқырман. Отбасы» атты дөңгелек үстел


Аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Отбасы күніне орай «Кітапхана. Оқырман. Отбасы» атты дөңгелек үстел басында, отбасы оқырмандарымен кездесу кеші өткізілді. Кешке «Жүнісовтер» отбасы, «Шапатбаевтар» отбасы, «Қындыбаевтар» отбасы, «Сүюбаевалар» отбасылары қатысты.

Мәдени шараның мақсаты: Отбасы оқырмандарымен оқыған кітаптар жайлы, кітаптың кейіпкерлер, автор жайлы айтып ой-пікір алмау.

Шараны пайдаланушыларға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ә.Қосымова кіріспе сөзбен ашып, мәдени шараның бүгінгі құрметті қонақтары «Жүнісовтер» отбасы, «Шапатбаевтар» отбасы, «Қындыбаевтар» отбасы, және «Сүюбаевалар» отбасыларымен таныстырып өтті. Алғашқы сөз кезегін алған «Шапатбаевтар» отбасы отағасы Серікбай ағай өзінің оқыған кітаптары және кітаптарының кейіпкерлер жайлы айтып ой бөлісті, «Қындыбаевтар» отбасының отағасы зейнеткер Аязбек ағай жас кезінен бастап кітапты қызыға оқитындығын, оқыған кітаптары жайлы отбасында талқылап, ой бөлісетіндіктерін айтып өтті. «Қындыбаевтар» отбасы мүшесі Бағлан Қындыбаев өзінің «Кітапхана» атты арнау өлеңін оқыды. Өнегеліде өнерлі отбасы, ұл-қыздарын өнерге баулап отырған «Жүнісовтер» отбасының отағасы Қуаныш Жүнісов өзінің отбасы мүшелерінің өнерге жақын екендігін кітапханадан өнер саласындағы әдебиеттері алып оқитындықтарын айтып, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.»Жүнісовтар» отбасы мүшесі Ұлан Жүнісов Дина Нүрпейсованың «Жеңіс» күйін орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. «Сүюбаевалар» отбасының улкен ақ жаулықты анасы Сәнімкүл апай көркем әдебиеттерді көп оқитындығын, отбасында оқыған кітаптары және кітаптың авторлары жайлы айтып ой бөлісетіндіктерін айтып өтті. «Отбасы – мемлекеттің тірегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.