«Мен отбасымды мақтан етем» атты мүмкіндігі шектеулі оқырмандармен әңгіме сағаты


Аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Мен отбасымды мақтан етем» атты мүмкіндігі шектеулі оқырмандармен әңгіме сағаты өткізіліп, шараға 12 оқырман қатысты. Шараның мақсаты: физикалық денсаулығы шектеулі мүгедек оқырмандарға қызмет көрсетудің стационарлық және стационардан тыс түрлерін үйлестіру, оларды әлеуметтік ортаға бейімделуіне көмек беру, мүмкіндіктері шектеулі жандарға ақпараттық көмек беру, ой өрісін дамытып, сөйлеу қабілетін арттырып, әр адамның жеке тұлға екенің ұғындыру болды. Шараны пайдаланушыларға қызмет көрсету бөлімінің стацонардан тыс қызмет көрсету секторының кітапханашысы Жұмабаева Ләззат шараны жүргізіп, мүмкіндігі шектеулі оқырмандар: Сарманов Сапар мен Пірімбетов Қайраттың отбасымен оқыған кітаптары жайлы айтып ой бөлісті,оқырман С. Сарманов ақиық ақын Мұқағали Мақатаев пен Төлеген Айбергеновтың өлеңдер жинағы қызығып оқитындығын айтып, жас оқырмандарды кітап оқуға шақырды. Пірімбетов Қайрат ақын-жазушы Зейнолла Шүкіровтің тарихи кітаптарын оқитындығын айтып, бір өлең шумағын жатқа оқыды.