«Ең бірінші бақытым- тілім менің» атты тілге арналған сайысы


Сырдария аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 22 қыркүйек- Тілдер мерекесі күніне орай «Ең бірінші бақытым- тілім менің» атты тілге арналған сайысы өткізілді.Мәдени шараның өту мақсаты: Қазақстанның әрбір азаматы осы тәуелсіздікті баянды ету үшін еліміздің өркендеп өсуіне, шынайы демократиялық қоғам құруға барынша үлес қосып, еңбек етуі және Тәуелсіздікті баянды етудің бір жолы- ол мемлекеттік тілдің, яғни қазақ тілінің мәртебесін арттыру, елімізде оның қолданылуы аясын кеңейте отырып, қоғамдық өмірдің барлық саласынан орын беріп,орнықтыру болып табылатындығын қазіргі ХХІ ғасырдың жастарына айтып насихаттап жеткізу болды.