«Туған тілім – айбарым, мақтанышым» атты көркем сөз шеберлерінің сайысы


Ақжарма ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 22 қыркүйек- Тілдер мерекесі күніне орай «Туған тілім- айбарым, мақтанышым» атты көркем сөз шеберлерінің сайысы өткізіліп, барлығы 16 адам қатысты. Мақсаты:Мемлекеттік тілдің өркендеп, ана тілін сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өз ерекшеліктері, салт-дәстүрі, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Олардың ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін сөйлеуге баулу.Шараның өтуіне орай «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.