Балашбек Шағыров


Балашбек Шағыров

Шағыров Балашбек 1940 жылы 4 мамырда Қызылорда облысы, Сырдария ауданындағы «Ақжарма» ауылында туған. 1964 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда институтының филология факультетін бітірген. Еңбек жолын Тереңөзектегі №35-ші М.И.Калинин атындағы мектебінде мұғалім болудан бастаған. Аудандық оқу бөлімінде мектеп инспекторы, аудандық газетте жауапты хатшы, облыстық радионың аудандық бөлімшесінде жауапты редактор қызметінде болды.

1988 жылдан бері Қазақстан журналистер Одағының мүшесі.

Өлеңдері «Көктем тынысы», «Жүректегі жауһарлар» (Алтын Орда баспасы, 2001 ж.) атты ұжымдық жинаққа енген. «Тұңғыш» (Жалын,198-78 ж.), «Ақжарма» (Жалын,1988 ж.),

«Қара шаңырақ» (Алтын орда, 2000 ж.), «Ауыл жыры» (Шартарап, 2004 ж.), «Сөз сарасы» («Дала» 2007 ж.), «Қара шаңырақ» (Фолиант, 2008 ж.), Сырдария кітапханасы топтамасымен шыққан «Қара шаңырақ» атты өлеңдер, толғаулар, баллада мен дастандар жинағы (Фолиант, 2009 ж.)