Ембергенов Сейтмұрат


Ембергенов Сейтмұрат
(1931-2008)

Ембергенов Сейтмұрат Сейтжанұлы 1931 жылы 7 сәуірде А.Тоқмағанбетов аулында дүниеге келген. 1949 жылы Қызылордадағы педучилищені, 1959 жылы пединституттың хим – биология факультетін бітірген. Ол облыстағы озат оқытушылардың бірі ретінде 1960 жылы Қазақстан мұғалімдерінің ІІІ съезіне делегат болып қатысқан, «Құрмет белгісі» орденімен марапатталады.

1964-69 жылда ры аудандық партия комитетінде саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі, 1969-81 жылдары аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, 1982-90 жылдары осы саланың жетекші маманы ретінде еңбек етіп, 1990 жылы аудандық тарихи-өлкетану мұражайын ұйымдастыруға шақырылып, онда 1997 жылға дейін істеді. В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына байланысты шыққан «Еңбектегі ерлігі үшін», «Қазақстанның 10 жылдығы», «Жеңістің 60 жылдығы» медальдарымен, Президенттің облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған. Сырдария ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. «Үлкеннен ұлағат» (2000), «Өмір өрнектері» (2001), «Мен Асқар ауылынанмын» (2003), «Қалдырған ізін мәңгілік» (2003), «Тағылым» (2004), «Имандылық иірімдері» (2004), «Ізгілік иірімдері» (2005) атты еңбектері жарық көрді.

Автор шығармашылығының мақсаты – ұлттық тәрбиені қалыптастырып, оны болашаққа жалғастыру.

Ақынның «Ақ бөпем», «Қызылорда жастарының әні» тексттеріне белгілі жерлес композитор Рамазан Тайманов «Ақ мамам», «Наурыз тойы», «Өз үйім» текстеріне Серік Байдаулетов ән жазды.

2008 жылдың желтоқсан айында дүние салды.