Заметдин Ибадуллаев


Заметдин Ибадуллаев

Заметдин Ибадуллаев 1939 жылы қазіргі Сырдария ауданының Ақжарма ауылында туған. Туған ауылындағы мектептің жетінші класын бітірген. 16 жасында тракторист болды. Бұрын Ленин колхозы, кейіннен Ильич атындағы совхозда огород-бақша бригадасында еңбек етіп, қауын-қарбыз өсірді. Өнімдері Алматы-Мәскеуде бірнеше рет ауылшаруашылық көрмелеріне қатысты. Жасынан домбыра тартып, өлең айтып, отырыстың гүлі болды. Осы өмірі ішінде 18 мың жол өлең жазған. З.Ибадуллаев 1980 жылдан бастап облыстық, республикалық айтыстарға қатысты. Жалағашта ақын әрі жырау Мырзағали Ақжоловпен, атақты айтыс ақыны Шымкенттік Аселхан Қалыбековамен, Шиелілік ақын Маханбетқали Тұрсановпен бірнеше рет айтысқа түсіп, бірде жеңіліп, бірде жеңіп және бұл екеуі облыс намысын талай рет республикалық айтыстарды қорғады. Сондай-ақ экологиялық тақырыпта өткен Аралдағы айтыста Қызылордалық Ниятолла Раманқұлов, Шымкенттік Қаныбек Сариевпен Ақтөбелік Өтепбергенмен, Кенен ақынның 100 жылдық тойында Шымкентен келген Мұхтар Құралов тағы басқа ақындармен айтысқа түсті. Республикалық өтірікшілер айтысында бас бәйгені қанжығалады. З.Ибадуллаев айтыскерлігімен қатар діни тақырыптарға арналған көлемді дастандар шығарды. Оның алғашқы «Ақжарма жылдар» атты туындысы 2006 жылы кітап болып шықты. З.Ибадуллаев 1999 жылдан «Ақжарма» ауылындағы мешіттің имамы. Азаматтық парызын абыроймен орындауда.

Ибадуллаев Заметдин республикаға белгілі айтыскер ақын. Оның өтірік өлең жанрын қалыптасуда өзіндік қолтаңбасы бар ақын. Еліне қадірлі, үлкенге інілік ізет, кішіге ағалық қадір көрсете білген Зиятдин сыр өңірінің сыршыл ақыны.