Рахымбекұлы Әскербек


Рахымбекұлы Әскербек

Рахымбекұлы Әскербек Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылында 22.03.1942 жылы туған. 1965 жылы Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. 1965-1969 жылдар аралығында «Сырдария» газетінде қызмет атқарған.1970 жылдан облыстық «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр бойы») газетінде, «Сырдария» газетінде Қызылорда облыстық теларадио комитетінде, облыстық партия комитетінде жауапты қызметтер атқарады. Ә.Рахымбекұлы 1982-1985 жылдар аралығында облыстық «Сыр бойы» (бұрынғы «Ленин жолы») газетінің бас редакторы, 1986 жылдан осы газетте редактордың орынбасары, кеңесші қызметтерін атқарып келеді. Әскербек біріншіден ақын, оның 1979 жылы «Тұсаукесер», «Сырдария әуендері», «Тұлпар туралы дастан», «Ғашық жүрек», «Айдынынан айырылған Аралым – ай», «Алтын Арай», «Тұлпарлар тағдыры», басқа да жыр кітаптары шықты. Бұл күндері Ә.Рахымбекұлы «Сырдария» кітапханасы атты 200 томдық кітаптар сериясы редакторының бірі. Екі мәрте «Жалын» баспасы жариялаған жабық бәйгенің жүлдегері болды.