Сейфолла Оспан


Сейфолла Оспан

Сейфолла Оспан 1938 жылы бұрынғы Тереңөзек аудынының Құндызды ауылында дүниеге келген. Орта мектепті Қызылорда қаласындағы 1 мамыр атындағы мектептен бітіреді. 1956 жылдан 1958 жылдарда Қызылордадағы паравоз депосында, Алматыдағы №75 құрылыс тресінде жұмысшы болған. 1970 жылдан «Жазушы», «Рауан», «Қазақстан» баспаларында редактор, Абай атындағы мемлекетті опера және балет театрында әдебиет білмінің меңгерушісі, 1972-79 жылдар аралығында «қазақфильм» киностудиясында аудармашы редактор болды. С.Оспанов 1993-97 жылдарды «АраШмель» журналында бөлім меңгерушісі, «Түркістан» газетінде тілшілік қызметін атқарды. 1998 жылы зейнетке шықты. С.Оспановтың алғашқы өлеңдері 1962 жылы шыққан «Жас дәурен» жинағына енді. Міне, сонау ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бері әдебиеттен қол үзбей өнімді еңбек етіп келеді. Оның «Тұңғыш», атты кітабы 1966 жылы «Қалақай», «Не жаман?» «Жазғы жауын» 1969 жылы «Балақонған», «Жалбыз», 1973 жылы «Құндызым», «Менің жұлдызым», 1982 жылы «Ар мен ән», 1984 эылы «Жанарымда жан сырым», 1988 жылы «Самала», «Көңіл сәулесі» 2004 жылы «Алдымнан атқан ақ таңым», «Қанағат» өлеңдері мен поэмалары оқырмандар қолына тиді. Сейфолла Оспан сондай-ақ аудармамен айналысқан. Шығыс жұлдыздарының бірі Ә.Жәмидің, сегіз томдық «Мың бір түннің» өлең жолдарын, А.Тверскойдың Н.Хикмет жайлы кітабын қазақша сөйлеткен. Ол сонымен қатар 60- тайкинофильмдерді, «Рүстем Суһрап», «Сияуыш туралы аңыз» фильдерімен қоса бірнеше ақын – жазушылардың шығармаларын аударған. Балаларға арналған 3 блімді пьесасы бар. Республикалық мүшайралардыңжеңімпазы, Қазақстан журналистер одағының, А.Байтұрсынов атындағы жүлденің иесі. 2005 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды. Сырдария, Жалағаш аудандарының құрметті азаматы. С.Оспан көптеген балалар жазушыларының шығармаларын қазақшаға аударған. Бұлармен қатар белгілі драматург Қалтай Мұқаметжанов туралы естелік және «Қалтай қалжыңдары» атты кітаптардың құрастырушысы да болды. Қазақстан Республикасы президентінің Алғыс хаты мен «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталды. Ошақты көл – Сырдария ауданы, Қалжан Ахун ауылындағы көл. Ошақты көл аталуы көлдің айналасын Ошақты тайпасының иеленіп, көл жағалауына қыстау салып, қыс қыстап, шөбін шауып, суын пайдаланып, ұзақ уақыт атажұрт етуіне байланысты болған.