Қайырбек Асанов


Қайырбек Асанов

Қайырбек Асанов 1945 жылы бұрынғы Тереңөзек ауданында туған. Тереңөзек кентінде комсомол жұмыстарын атқарған. 1973 жылы Каз Му –дың журналистика факультетін бітіріп шықты. 1973-80 жылдарда республикалық жастар газеті «Лениншіл жас» газетінде тілші, жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі, 1980-84 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде жауапты хатшының орынбасары, жауапты хатшы, 1994-95 жылдарда «Заман Қазақстан» газетінде бас редактордың орынбасары, 1996-97 жылдарда жазушылар одағында әдеби қордың директоры, 1997 жылдан түрлі орындарда жауапты қызметтер атқарды. Қ.Асановтың алғашқы өлеңдері «Тұңғыш» деген атпен 1978 жылы, «Сүйемін сені», «Ғашық ғұмыр», «Сен жанымда жүрсең», «Ағайынға ақ тілек» (2003) кітаптары шықты. Ол Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған