«Айналдым Ана деген асыл жаннан» атты мерекелік әдеби-жыр кеші


Аудандық балалар кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен оқу залында көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз –Халықаралық әйелдер күніне орай «Айналдым Ана деген асыл жаннан» атты мерекелік әдеби-жыр кеші мектеп оқушылары арасында өткізіліп, барлығы 25 адам қатысты. Мәдени шараның мақсаты: Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Ананы құрметтеу, сыйлай білуге,оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу. Әдеби-жыр кешін аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Майра Балмаганбетова жүргізіп, ананың қоғам өміріндегі алатын орны туралы айтып өтті.Мектеп оқушылары аналардың құрметіне жүрек жарды ақ тілектерін айтып жеткізді. Мұнан соң хормен «Анаға сәлем» атты әні айтылып, аудандық музыка мектебінің түлектері Дүйсенбай Анар «Этюд», Бәймен Әсел домбырамен «Секіртпе» күйлерін орындап берді. Мәдени шараның барысында мектеп оқушылары өздерінің шығармашылығынан Сәбит Нұрдәулет «Ана», Сәкен Аманкельдиев «Анашым», Болат Жасұлан «Мама», Әлихан Сақтағанов «Анашым», Әсет Өмірбеков «Көктем», Алинур Асқарова «Ана», Әділет Үсенов «Гүлдер», Нұржігіт Еркінұлы «Ана» атты өлеңдерін жатқа оқыды.Әдістеме бөлімінің қызметкері Сейтен Сайра мәдени шараға қатысушыларды мерекелерімен құттықтап,Қазақстанның болашағы білімді ұрпақ, сондықтан, мектепті жақсы аяқтап, еліміздің болашақта білімді азаматтары болып өсулеріне,амандық пен ашық аспан,жарқын болашақ тіледі. Кітапханашы Ахметова Эльмира «Әлемдегі ең ардақты адам-Ана» атты кітап көрмесімен таныстырып, әдебиеттерге шолу жасады.