«Алғысқа бөленген жандар» атты кітап көрмесі


Қоғалыкөл ауылдық кітапханасында «Ананың нұрлы әлемі» атты Алтын алқа иегері көп балалы батыр аналармен кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешінің құрметті қонақтары ретінде Алтын алқа иегері көп балалы батыр аналар Меңлібаева Аманкүл, Асемова Шарбан және Айымкүл аналарымыз шақырылды. Мақсаты: Әрбір шаңырақтың отын маздатып,Тәуелсіз еліміздің келешегі жас ұрпақты тәрбиелеуге жан жылуы мен жүрек мейірімін сарқа сыйлап жүрген аяулы аналарымызды құрметтеу. Аналар оқырманға өздерінің қиыншылығымен куанышы қатар өрбіген өмірлері жайлы айтып, балаларға кітап оқу керектігі жөнінде айтып өтті.Мепктеп оқушылар Маратұлы Саят, Дүзелбай Бексұлтан, Демжанова Қарақат құрметті аналарымызға өз өнерлерін көрсетті.Кеш барысында «Алғысқа бөленген жандар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.