«Бейбітшілік пен татулықтың мекені – Қазақстан» атты таным сағаты


1-наурыз Алғыс айту мерекесіне орай Жетікөл ауылдық модельді кітапханасында ауыл жастарының қатысуымен «Бейбітшілік пен татулықтың мекені – Қазақстан» атты таным сағаты өткізілді. Шараның өтілу мақсаты: 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күні атап өтілді. Биыл жалғасын тауып отырған осы Алғыс айту күнін жастар арасында насихаттау, көпұлтты мемлекет болып, ынтымағы мен бірлігі жарасып тыныш және бейбіт өмір сүріп жатқан, барлық қазақстандықтардың құтты мекені Отанымыз Қазақстан жайлы көптеген мағлұматтар беру, Отансүйгіштікке, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу. Кітапханашы Сейтпанова Кенже Алғыс айту күні қазақстандық патриотизмнің, достық пен бірлігіміздің, мәдени саналуандығымыздың жарқын күні, себебі Елбасы 100-ден аса этностың әрқайсысы өзінің қайталанбас өрнегін салуының нәтижесінде біздің Біртұтас Ұлтымыз бірегей артықшылықтар иесіне айналғанын атап өткен еді. Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Шараға қатысушылар № 174 орта мектептің мұғалімі Е.Балхожаев, кітапхана оқырманы Б.Ералиев, 10 сынып оқушысы Ж.Әбіш осы Алғыс айту күні үшін елімізді, кең байтақ жерімізді қасық қанымен қорғаған ата-бабаларымызға, Елбасына деген рахметтерін айтты. Кітапхана оқырманы, жас ұстаз Б.Бимаханова Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» атты өлеңін мәнерлеп оқып берді. Кітапханашы«Жасампаз елдің басты құндылықтары» атты кітап көрмесіне шолу жасады.