«Болашақтің демеушісі, ұлттың жебеушісі – Ана!» атты кездесу кеші


Аудандық орталық кітапханада 8 НаурызХалықаралық әйелдер күніне орай «Болашақтің демеушісі, ұлттың жебеушісі-Ана!» атты кездесу кеші өткізілді. Кешке аудан әкімінің «Қанатты әйел», «Үздік кәсіпкер» марапаттарының иегері Жамалова Алма,1999-2000 жылдары республика бойынша «Қанатты әйел» номинациясының жеңімпазы, «Кәсіпкер келіншек» даңқ жұлдыздың және Қазақстан экономикасы орденінің иегері Керейтбаева Несібелі,ауданымызда болып жатқан барлық қоғамдағы өзгерістердің,идеялық-саяси,әлеуметтік –мәдени жаңалықтардың жаршысы Сырдария аудандақ «Тіршілік тынысы» газеті редакциясының бас редакторы Ерімбет Сауле.Сонау 30-жылдардың соңында үдере көшу саясаты құрбандарының бүгінде үшінші ұрпағы,ауданымызда бір шаңырақ астында,бір үйдің адамдарындай тату –тәтті өмір сүріп жатқан Махмурзаева Люба және кітапхана қызметкерлері қатысты. Мәдени шараның мақсаты: Ауданымыздың экономикасы мен мәдениетінің өркендеуіне зор үлес қосып жүрген аяулы аналарымызға құрмет көрсету және еңбек жолдарын жастарға үлгі ету. Кеш қонағы Алма Жамалова Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ерлерден бұрын әйелдердің еңбекке араласып, сауда жасап,кәсіпкерлікпен айналысып, отбасылырын асырағанын,қазақ әйеледерінің еңбеккор екендігі айтылса,ауданымыздың өркендеуіне, экономикалық дамуына және ауданда өткізілген мәдени шараларға демеушілік жасап,зор үлес қосып жүрген ауданымыздың алғашқы кәсіпкер әйелдерінің бірі Керейтбаева Несібелі өзінің еңбек жолын,кәсіпкерлігі жайлы айтып,еңбек еткен адам әрқашан халықтың алғысын, ілтипатына бөленетіндігін,Сәуле Ерімбет қоғамдағы әйелдердің ролі жайлы және Тәуелсіз еліміздің өркендеуіне зор үлес қосып жүрген аналар жайлы айтып өтті.  Өзге ұлт өкілі Люба Махмурзаева  өз қандастарындай қабылдап, мейірімділік пен достықты паш етіп отырған қазақ халқына рахметі шексіз екендігін  айтып, ыстық ықыласын білдірді. 

Кітапхана директоры Нұржакиева Гүлстан кеш қонақтарын Аналар мерекесімен құттықтап, отбасыларына шаттық, береке,көтеріңкі көңіл-күй тілейтіндігін жеткізді. Кітапхана қызметкерлері Серікбаева Л. «Ана», Сейтен С. «Жамалым» әндерін тамылжыта орындап берді. «Әйел-Ана,Қайраткер,Кәсіпкер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып,әдебиеттерге шолу жасалып, таныстырылды.