«Дамудың жаңа кезеңі» атты тақырыптық кеш


Н.Ілисов модельді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен оқу залында 31 қаңтар күні Елбасының биылғы Жолдауын насихаттау мақсатында «Дамудың жаңа кезеңі» атты тақырыптық кеш өткізілді. Кешке «Ізденсем, білсем» танымдық клубының мүшелері мектеп оқушылары, кітапхана оқырмандары, мұғалімдер зейнеткерлер,барлығы 30 оқырманны қатысты.

Мақсаты: Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау, оқырмандарға таныстырып, жолдаудағы басты мәселелерге тоқталу. Оқушыларды патриоттыққа баулу, ел тарихын білуге, елімізді өркендету үшін білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқырман ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы және «ізденсем, білсем» клубының жетекшісі Жұмабекұлы Төребек ағай мен дәрігер Олинова Сәрсен апай сөз алып жолдаудың күннен күнге жылдан жылға Қазақстандықтардың өмірін жақсартуға арналған нақты істі атқаратын бағдарлама екенің, бұл жолдау біздің кәсіби жұмысымызға басшылық жасайды, бұл тұрғыда Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойылып, елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құрастыру қажеттігі алға тартылғаны жөнінде айтып өтті. Сонымен қатар Жолдаудағы саяси ұтымды ұсыныстар мен басым бағыттарды кеңінен атап өтті.Клуб мүшелері ақындар К.Ахметованың «Жан дала –жәннат дала»,Ж. Нәжімеденовтың «Менің елім»,Ф. Оңғарсынованың «Отан»,Н.Айтұлының «Елбасы» атты жыр жолдарын жатқа оқыды. Шара барысында «Мәңгілік ел – жасампаз елдің жарқын болашағы» атты тақырыбындағы ашық кітап көрмесімен таныстырып өтті. Кітап көрмесіне Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбектері, сындарлы ойлары, сұхбаттары, еліміздің жарқын болашағы, халықтың әл-ауқатының артуы, демократиялық дамуы, экономикалық табыстар жайындағы сөйлеген сөздері көпшілік қауымға ұсынылды. Олардың ішінде: «Қазақстан жолы», «Тәуелсіздік белестері», «Сындарлы он жыл», «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», «Халыққа арнау», «Елмен сырласу» тағы басқа кітаптар қойылды.