«Елбасының маңызды қадамы» атты ақпарат сағаты


Қалжан ахун ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың 25 қантардағы билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін халыққа насихаттау мақсатында «Елбасының маңызды қадамы» атты ақпарат сағаты өткізіліп, барлығы 17 адам қатысты. Мәдени шараға мәдениет үйінің қызметкерлері, мектеп мұғалімдері қатысты.Мәдени шарада Елбасы Үндеуі жан- жақты насихатталды.Үндеуде айтылған Үкімет пен Парламен қызметінің кәсібилігінің арттылуы, тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететіндігі және Үндеудегі Реформа екі негізгі бағыт бойынша жұмыс жасайтындығы айтылды.