«Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін – жаңа жаңғыру» атты ақпарат сағаты


Сәкен Сейфуллин модельді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын насихаттау мақсатында «Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін – жаңа жаңғыру» атты ақпарат сағаты өткізіліп, дер кезінде насихатталды. Мәдени шараға № 137 мектептің 10-11 сынып оқушылары, мектеп ұстаздары, кітапхана оқырмандары мен келушілері арасында өткізіліп, барлығы 21 адам қатысты.

Мәдени шараны ұйымдастыру мақсаты: Биылғы Елбасы Жолдауы- Ел дамуына тың қарқын беретін жаңа бағдар.Ол Еліміздің экономикалық дамуының инновациялық өзегіне айналып,бәсекелік қабілетін арттыра түсетіңдігін айтып жеткізу.Бұл жаңғыру- қазіргі жаһандық сын- қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпірі болып, Ұлт жоспары-«100 нақты қадам» базасында өткізілетіңдігін айту. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың осы Жолдауы елімізді жаңа даму бағыты қарқынды дамып, «Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы» деп аталатын елді үшінші жаңғырту жөніндегі 2025 жылға дейінгі дамудың стратегиялық жоспары әзірленетіңдігін айтып, барлық халықтың Елбасы Жолдауынынан туындайтын міндеттер мен мол мүмкіндіктерді пайдалана отырып, жаңа әлемдегі, жаңа Қазақстанды құруда Отан үшін аянбай еңбек етуге шақыру.