«Елім менің – еңселі» атты жыр сағаты


Қалжан ахун ауылдық кітапханасында 1 мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Елім менің – еңселі» атты жыр сағаты өткізілді. Жыр сағатына №126 мектептің төменгі 3-4 сынып оқушылары қатысты.Жыр сағатында Қазақстанда тұратын әр ұлт өкілдері ақындарының жырлары мәнерлеп оқылды. Жыр сағатына қатысқан оқушылар Г.Тәңірбек, Г. Серікбаева,Тұрсынбай Ж. Сұлтанова, А.Қожақовалар өзбек, орыс, корей, азірбайжан, армян, неміс,ұйғыр халықтартары ақындарының жырларын оқыды. Оқушылар Г.Тнейбек пен Г. Серікбаева орыс ұлтының халық әнін гармонмен шырқады. Кеш барысында «Бірлігі жарасқан – Қазақстан» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, насихатталды. Кешке 15 адам қатысып, 4 жаңа оқырман тіркелді.