«Ел бірлігі – достық пен татулықта» атты тақырыптық кешi


Сырдария аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен оқу залында «Ел бірлігі – достық пен татулықта» атты тақырыптық кеш №210 мектебінің 6-7 сынып оқушыларымен өткізілді.

Мәдени шараның мақсаты: Жас оқырмандарға ұлан байтақ елімізде мекендейтін ұлттардың татуластығын, достығын, ауызбіршілігін насихаттай отырып, адамгершілікке, Отан сүйгіштікке баулу. Біздің мемлекетімізде бір кісінің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатқан халықтардың достығы, ынтымақтастығы, бауырластығы жайлы кеңінен мағлұматтар беру. Мектеп оқушылары Отан, туған жер, достық, ынтымақтастық жайлы жазылған қазақ ақындарының өлең- жырларын жатқа оқып, «Ақ көгершін» әндерін Айдана Асанова орындап берді. «Достық, Бірлік. Бейбітшілік» атты кең көлемде кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды. Мәдени-шараның нәтижесінде кітапханаға жаңадан 5 оқырман тіркеліп, 12 кітап оқуға берілді.