«Ел дамуының еңселі бағыты» атты әңгіме сағаты


Айдарлы модельді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың халыққа жолдауын насихаттау мақсатында «Ел дамуының еңселі бағыты» атты әңгіме сағаты мектеп оқушылары мен кітапхана оқырмандары арасында өткізіліп, барлығы 15 адам қатысты.

Мәдени шараның өту мақсаты: Әңгіме сағатына жиналған көпшілік қауымды Елбасы Н.Назарбаевтың Үшінші жаңғыруға бастаған жасампаздық жолдарын қолдай отырып,Қазақстан халқының басты күші- бірлік арқылы жететінін айту.