«Заманауи Қазақстанның жетістіктері ЭКСПО-2017» атты тақырыптық кеші


Шіркейлі ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен ЭКСПО-2017 көрмесінің Астана қаласында өткізілуіне байланысты «Заманауи Қазақстанның жетістіктері ЭКСПО-2017» атты тақырыптық кеші ұйымдастырылып өткізілді. Мәдени шараға кітапхананың белсенді, тұрақты оқырмандары қатысты.

Шараны өту мақсаты: 1851 жылдан бері бастау алып келе жатқан дүниежүзілік көрмелер тарихы және 2017 жылы Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесі туралы ақпарат беріп, қоғам жаңалықтарынан және өзгерістерінен тыс қалмауға баулу. Отанымыздың жетістіктеріне мақтаныш сезімін оятып, еліне деген сүйіпеншілігін арттырып патриоттық сезімге баулу. Жүргізуші ЭКСПО – дегеннің не екенін түсіндіріп, алғаш осы көрмелердің қай жерде болып, қандай жетістікке жеткендерін айтып біраз ақпарат берді. Сонымен қатар ЭКСПО – 2017 жылы Астанада өтетінін айта келе салынып жатқан, тамаша заманауи ғимараттар жайлы ақпараттар берді. Шара барысында кітапханашы «Елорданың ертеңгі биігі – ЭКСПО – 2017» атты кітап көрмесімен таныстырып, кітаптарға шолу жасады. Шара нәтижесінде кітапханаға 2 жаңа оқырман тіркеліп, 4 кітабы оқылуға берілді.