«Заманауи Қазақстанның жетістіктері ЭКСПО 2017» атты ақпарат сағаты


Амангелді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен кітапхананың оқу залында ЭКСПО – 2017 көрмесіне байланысты. «Заманауи Қазақстанның жетістіктері ЭКСПО 2017» атты мектеп оқушыларына ақпарат сағат өткізілді.

Ақпарат сағатының мақсаты: 1851 жылдан бері бастау алып келе жатқан дүниежүзілік көрмелер тарихы және 2017 жылы Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесі туралы ақпарат беріп, балалардың қоғам жаңалықтарынан және өзгерістерінен тыс қалмауға баулу. Отанымыздың жетістіктеріне мақтаныш сезімін оятып, еліне деген сүйіпеншілігін арттырып патриоттық сезімге баулу.Жүргізуші балаларға ЭКСПО – дегеннің не екенін түсіндіріп, алғаш осы көрмелердің қай жерде болып, қандай жетістікке жеткендерін айтып біраз ақпарат берді. Сонымен қатар ЭКСПО – 2017 жылы Астанада өтетінін айта келе салынып жатқан, тамаша заманауи ғимараттар жайлы ақпараттар берді. Сонымен «Елорданың ертеңгі биігі – ЭКСПО – 2017» атты кітап көрмесімен таныстырып кітаптарға шолу жасалды. Кітапханаға 2 оқырман тіркелді.