«Мұратымыз –Мәңгілік Ел» атты тақырыптық кешi


№1 филиал кітапханасында «Мұратымыз –Мәңгілік Ел» атты тақырыптық кеш өткізілді. Мәдени шараға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Әбенов,Әйелдер кеңесінің төрайымы У.Жаналиева, аудандық мұражай директоры Божанова Г.кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Болғанбаев Б., балалар бақшасының тәрбиешілері, №131 мектептің оқушылары қатысты. Кітапханашы Серікбаева Лаззат мәдени шараны кіріспе сөзбен ашып, Бүгін елімізде Алғыс айту күні. Бұл мереке Қазақстанда 2016 жылдан бастап атап өтіліп келеді. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойғандығын және, жыл сайын дәл осы күнді елімізді мекен ететін барлық ұлттар мен ұлыстардың бір-біріне, оларды туғанындай бауырына басқан қазақтарға алғыс айтатын күні ретінде жариялағанын айтып, бүгінгі айтулы мерекемен мәдени шараға қатысушыларды құттықтады. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбенов Қайрулла ағай Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналғанын айтып өтті. Әйелдер кеңесінің төрайымы Жаналиева Улмекен апай барлығын осы ғажайып мерекемен шын жүректен құттықтап, оның үстіне, табиғат құлпырып, күн сәулесі жанды жадырататын көктемнің алғашқы күні атап өтілетіндіктен, біз бұл күнге ерекше қуаныштымыз.Құрметті оқушылар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде әркез сақтаңыздар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңіздер және жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңыздар» деген ғибратты сөзімен аяқтады. Шара барысында мектеп оқушылары мен бала-бақшаның бүлдіршіндері өздерінің жүректерінен шыққан шынай лебіздері мен тақпақтарын жатқа оқыды.Кеш соңында «Ынтымағы жарасқан-Қазақстан» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды.