«Мәңгілік ел – қазақ халқының ұлттық идеясы» атты тақырыптық кеші


Сырдария аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел- қазақ халқының ұлттық идеясы» атты тақырыптық кеші кітапхана оқырмандары, жоғары сынып оқушылары арасында өткізілді.

Мақсаты: Еліміздің мұратына айналған «Мәңгілік ел» идеясы – халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін жаңа қадам екендігін насихаттай отырып, жастардың отанға елге, туған жерге деген патриоттық сезімдерін оятып, отан сүйгіштікке тәрбиелеу«Мәңгілік Ел» – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы, ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болуы, Қазақстан Тәуелсіздік алып бұл армандарды ақиқатқа айналдырғанын, мәңгілік елдің берік іргесі қаланғанын айтып насихаттау. Елбасымыз Н.Назарбаев өз тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау арқылы Мәңгілік Ел бола алатынымызды атап өткенін, Қазақстанды жарқын болашаққа жетелейтін жастарымыз, бабаларымыз аңсап өткен тәуелсіздіктің туын жықпай, желбірете білуге, жастарды сондай текті ұрпақтың ұрпағы екендіктерін сезіндіруге, осы «тәуелсіздік», «мәңгілік ел» ұғымдарын саналарына сіңіріп, қастерлеуге міндетті екендіктерін айтып жеткізу болды.