«Тұрақталық-тұғырымыз, бейбітшілік-бірлігіміз» атты тақырыптық кешi


Аудандық балалар кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен оқу залында «Тұрақталық-тұғырымыз, бейбітшілік-бірлігіміз» атты тақырыптық кеш № 210 мектеп оқушылары арасында өткізіліп, барлығы 25 адам қатысты.

Мәдени шараның мақсаты: Балаларға 1 – Мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту. Біздің мемлекетімізде 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан халықтарының Ассамблеясының құрылғандығын, оның мақсаты қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайту болып отырғандығын айтып насихаттап жеткізу.Мектеп оқушылары әр ұлт өкілдерінің билерін билеп, қазақ ақындарының Қазақстан, Отан, туған жер, бейбітшілік туралы өлеңдерін жатқа оқып, өз ойларын айтып ортаға салды.Оқу залында арнайы «Қазақстан-достықтың мекені» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.Мәдени шараның нәтижесінде кітапханаға жаңадан 6 оқырмандар тіркеліп, 8 кітап оқуға берілді.