«Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық» атты мерекелік шара


№ 2 филиал кітапханасының ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық» атты мерекелік шара өткізілді. Кештің мақсаты: балаларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Жас буындарды достыққа, бірлікке, татулыққа шақыру сонымен қатар басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету, тәрбиелеу. Кеш барысында тарих пәнінің мұғалімі Тәжекеев Мұхит «XX ғасырдың бас кезімен Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңдегі Ресейдің көші – қон саясатын», «КСРО-ның 1977-1991 жылдар аралығындағы көші- қон» туралы материалды баяндайды. Ауыл әкімі Ғ.Дүйсебеков көпшілікке жүрекжарды тілегін білдірді. «Нұрай бишілер» тобы әр түрлі ұлт өкілдерінің (қазақ, орыс, өзбек, татар, кәріс) билерін биледі. Жас бүлдіршіндер достық жайлы жазылған қазақ ақындарының өлеңдерін оқыды. Кешті «Атамекен» әнімен аяқтады.

Кеш соңында Кітапханашы «Достыққа жоқ шекара» атты кітап көрмесімен таныстырып кітаптарға шолу жасады.