«ЭКСПО – елдіктің ерен жеңісі» атты танымдық кешi


Іңкәрдария ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «ЭКСПО-елдіктің ерен жеңісі» атты тақырыпта танымдық кеш болып өтті. Кеш мектеп оқушыларымен ұйымдастырылды. Кештің мақсаты: Қоғамдағы өзгерістер мен жаңалықтардан тыс қалмауға баулу. Отанымыздың жетістіктеріне мақтаныш сезімін орнату.

Тәуелсіздігімізді алғаннан бері еліміз Елбасының бастауымен экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білді. Жахандық мәселелер талқыға түскен кешегі ЕҚЫҰ-ның саммиті,Астана Экономикалық форумы,,Инвестициялық форум, жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатты. Ең бастысы даму бағытын айқындап берді.Осындай істердің жалғасы ретінде Қазақстан 166 жылдық тарихы бар ЕХПО-2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алды. ЭКСПО-2017 көрмесі маусымдық модель бойынша ұйымдастырылмақ. Қысқа мерзімдік жазғы маусымда шамамен 5 миллион қонақ келеді деп болжанып отыр. Астана – инновациялық шешімдер тоғысқан, ғылыми ой мен озық технологиялар дендеп енген заманауи қала ретінде ЭКСПО-2017 көрмесінің басты символына айналуға лайықты.Кеш өту барысында ЭКСПО жайлы мағұлматтар берілді. Оқушылар Қазақстан. Тіл, ЭКСПО жайлы тақырыптарда өлеңдер оқыды. Кеш өтетін орынға «ЭКСПО – архитектуралық ғажайыптар мекені» атты тақырыпта кітап көрмесі жасалып, шолу жасалды.