«ЭКСПО-2017 көрмесі – Еліміздің ерен жемісі» атты ақпарат сағаты


Бесарық ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «ЭКСПО-2017 көрмесі- Еліміздің ерен жемісі» атты ақпарат сағаты ұйымдастырылып өткізілді. Мәдени шараға 4-5 сынып оқушылары мен кітапхананың белсенді жас оқырмандары қатысты. Кірмені ұйымдастырып, насихаттау мақсаты: ТМД және орталық Азия елдерінің арасында бірінші боп Астана қаласында «Болашақтың энергиясы» атты тақырыбымен өткізілетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме жайлы айту. 160 жылдан астам уақыттан бері өткізіліп келе жатқан халықаралық көрменің тарихымен таныстыру, және Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік деңгейдегі мемлекеттігін ұғындыру болды.Шара соңында «ЭКСПО 2017 болашақ бастауы» атты кең көлемді кітап көрмесі жасалып, әдебиеттеріне библиографиялық шолу жасалды.