«ЭКСПО 2017 – Тәуелсіздік жемісі» атты кітап көрмесі


Сырдария аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 2017 жылы Астана қаласында әлемдік ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесі өткізілуіне орай аудандық кітапхананың фоесінде «ЭКСПО 2017 – Тәуелсіздік жемісі » атты кітап көрмесі жасалып, насихатталды. Ауызша насихат шарасына аудан орталығындағы Иса Тоқтыбаев атыңдағы №35 мектеп- лицейдің 9 сынып оқушылары қатысты. Көрмені ұйымдастырудың мақсаты: Елбасымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты Жолдауындағы Ел бірлігі- біздің барша табыстарымыздың кілті болып,тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі болғандығы жайлы айту.ЭКСПО 2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш ету мемлекетіміздің басты мақсаты жайлы айтып жеткізу.