“ЭКСПО 2017 – әлемді болашаққа бастайтын шаһар” атты ақпарат сағаты


Аудандық балалар кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен оқу залында мектептің 5-6 сынып оқушылары арасында ЭКСПО 2017 – әлемді болашаққа бастайтын шаһар” атты ақпарат сағаты өткізіліп, барлығы 15 адам қатысты. Мәдени шараның мақсаты: Астана қаласында өтетін ЭКСПО 2017 көрмесін өткізудің маңыздылығын оқушыларға айтып насихаттап жеткізу. Қазақ елі үшін тигізер пайдасы мол екендігін, Халықаралық көрмені ұйымдастыру арқылы мемлекеттің атағы шығып, осындай шаралар арқылы іскерлік байланыстар орнап, елімізге жан-жақтан келетін туристердің саны артып, Елордасы әсем Астанамыздың одан әрі көркеюіне және еліміздің келешекте бұдан да асқақ мақсаттарды жүзеге асыруға жаңа серпін алып, ЭКПО көрмесін шетелдіктер ғана емес, өз еліміздің адамдары да тамашалауына, әсіресе, жастардың көруіне мүмкіндік жасалатындығын айтып насихаттау болды. Оқу залында «Қазақстанның жетістігі-ЭКСПО 2017» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.