«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын насихаттау


Сырдария аудандық орталық кітапхананың оқу залында ҚР Президентінің 31 қаңтардағы Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын насихаттау мақсатында дөңгелек стол басында ақпарат сағаты өткізілді.. Сөз басында ОКЖ директоры Г.Сансызбайқызы 2017 жылдың басынан бастап Қазақстан Біріккен Ұлтар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болғандығы, биыл Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі өтетінін, мұндай маңызды әлемдік деңгейдегі шараны біз ТМД және Орталық Азия елдерінің арасында бірінші болып өткізетіндігі және қазіргі таңда Алматы қаласында өтіп жатқан Универсиада-2017 спорт ойындары өтіп жатқандығы бұл біздің Қазақстанның халықаралық аренаға жоғары беделге ие болғандығымызға тоқтала кетті. Сөз барысында ұжым жетекшісі Елбасы Н.Назарбаевтың үшінші жаңғыртуы жөніндегі міндеттерге тоқталды: Елдің жаһандық экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажеттілігі, бұл жаңғыру- казіргі жаһандық сын қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050»стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпірі болып, Ұлт Жоспары «100 нақты қадам» базасында өткізілетіңдігі жайлы айтып таныстырды. Осы Жолдау арқылы еліміздің әр азаматына жаңа жағдайдағы даму бағыты айтылып, Үкіметке «Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы» деп аталатын елді үшінші жаңғырту жөніндегі 2025 жылға дейінгі дамудың стратегиялық жоспарын әзірлеуі, мемлекет құру жолында теңдессіз, мол тәжірибе жинап, жаңа кезеңге қадам басып отырғанын,алдымызда қандай қиындықтар кездессе де, оларды еңсере алатындарына сенімдерін білдіріп, қазақстанды кейінгі ұрпақ үшін бұдан да өсіп-өркендеген елге айналатынына аудандық орталық кітапхана қызметкерлері Ә.Қосымова, Р.Құлмаханова, З.Бакова, Р.Махатова, С.Сейтен, Л.Жұмабаевалар нық сенімдерін білдірді.