«Өркениет өрісіне жасалған қадам» атты ақпарат сағаты


Жетікөл ауылдық модельді кітапханасында ҚР Президентінің 31 қаңтардағы Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын таныстыру және насихаттау мақсатында клуб, мектеп қызметкерлері мен ауыл жастарының қатысуымен «Өркениет өрісіне жасалған қадам» атты ақпарат сағаты өткізілді. Шара барысында кітапханашы Жолдаудың үшінші жаңғыру арқылы еліміздің даму болашағын айқындайтын бес басымдығын атап өтті.Бірінші-экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы. Екінші- бизнес- ортаны түбегейлі жақсарту мен кеңейту. Үшіншісі- мақроэкономикалық тұрақтылық.Төртінші басымдық- адами капитал сапасын жақсарту.Бесінші басымдық- институционалдық өзгерістерге,қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күрес. Осы басымдықтардың аясында көптеген жұмыстар атқарылатыны сөзсіз.Осы Жолдаумен таныса отырып, ойға түйгендерін ауыл жастары ортаға салып талқылады.Елбасының сындарлы саясатын қолдай отырып, еліміздің алға қарыштап қадам басуын, ары қарай дамуына өз үлестерін қосатындарын айтты.