«Азат елдің ар – намысы Ата Заң» атты тақырыптық кеші


Сырдария аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 30 тамыз- Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай «Азат елдің ар-намысы Ата Заң» атты тақырыптық кеші өткізіліп, барлығы 19 адам қатысты.

Шараның өту мақсаты: Ежелгі қазақ даласында конституциялық заңнаманың қалыптасуы белгілі бір идеялар мен принциптер арқылы айқындала отырып, нақты тарихи кезеңдерді қамтып, ұлттар мен халықтың өзін-өзі еркін билеу принциптерімен қоса, егеменді дербес мемлекет құру. Мәселелерімен жалғастыратындығын және мәселелердің ауырлық салмағын, қазақ халқы өз басынан кешірген өмір тарихын, сонымен бірге сан ғасырлар бойы қам- қасіретке толы өз өмірлерін сарп еткен қазақ ұлтының тәуелсіздік жолындағыкүресін, күш-жігерлерін мәселе төңірегіндегі оқиғалар кейіпкерлерін еске түсіреп саяси- қоғамдық құбыластардың, ұлттық идеялардың туын жоғары тұрғыда көтеріп тәуелсіз мемлекет құрудың қаншалықты оңай келмегендігін кейінгі ұрпаққа жеткізе отырып айту. Олардың өзін- өзі тәрбиелеп, өз еліне деген жанашырлық пен жауапкершіліктерін түсіндіру болды.