«Алаш атын ардақтаған тұлғалар» атты интелектуалды ойыны


Н.Ілиясов ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен Алаш партиясының құрылғанына- 100 жыл толуына орай «Алаш атын ардақтаған тұлғалар» атты интелектуалды ойыны ауыл жастары арасында өтті.

Ойынның өту мақсаты: Алаш қозғалысы мен Алаш партиясы туралы жастарға жалпы мәлімет бере отырып, осы саяси ұйымдардың мәні мен мақсаттарын түсіндіру.Алаш қозғалысы туралы жастардың бойына нақты пікір және жеке көзкарастарын қалыптастыруға көмектесу, өз көзқарастарын білдіру, өз ойларын түйіндеп айта білу қабілеттерін дамыту.Алаш қозғалысының қайраткерлерін мысалға келтіре отырып ұлтжандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу, елін, ұлтын сүю және мақтана білуге жағдай жасау, ұлт көсемдерін құрметтеуге, өмірлерін, істерін үлгі ете білуге үйрету жастардың интеллектуалды білімдерін шыңдау.Отанымыздың басынан кешкен тарихи оқиғаларды, сан жылдар бойы еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен ұлы тұлғаларымыз туралы алған білімдерін анықтап, елін сүюге, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық сана, рухтық қасиеттерін қалыптастыру болды.

Ойында «Зерек», «Жалын» атты екі топ «Таныстыру», «Сергіту», «Жұмбақ жылдар», «Алаш қозғалысы: тарихы мен тағылымы», «Алаш ақиығы» С. Торайғыровтың өмірі мен шығармаларынан тұратын 5 бөлімді интеллектуалды танымдық ойынға қатыса отырып өз білімдеріннің деңгейінің жоғары екендерін, берілген сұрақтарға жауап бере отырып білімді екендерін көрсете білді. Нәтижесінде әділ қазылардың шешімімен «Зерек» тобы 27 ұпай мен бірінші орынға екінші орынды 25 ұпаймен «Жалын» тобы иеленді.Ойынға ауыл жастарымен кітапхана оқырмандары барлығы 18 адам қатысты.