«Алаш идеясын жаңғырту – «Ақжол» партиясының басты бағыттарының бірі» атты тақырыптық кеш


Қоғалыкөл ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен Алаш қозғалысының – 100 жылдығына орай «Алаш идеясын жаңғырту – «Ақжол» партиясының басты бағыттарының бірі» атты тақырыптық кеш өткізілді. Тақырыптық кешке кітапхана оқырмандары, мекеме қызметкерлері, ауыл ардагерлері және мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты.Кеш барысында оқырмандар Алаш қозғалысының көсемі Ә.Бөкейханов және басқа да Алаш арыстары, олардың ұстанған идеясы жайлы мағлұматтар ала білді. Алаш қозғалысының жетекшілері жайлы оқушылар Б.Ыдырысов, Е.Балтабаев, М.Айдын, М.Қуаныш, Қ.Мақаш, Қ.Смағұловалар Алаш ардагерлерінің образдарына еніп, олардың өз идеясы жайлы пікірлері мен жырларын нақышына келтіре айта білді. Кеш барысында «Алаштың ақ жолы» атты кітаптар көрмесімен таныстырылды. Кешке 28 адам қатысып, 3 жаңа оқырман тіркелді.