«Алаш қозғалысының Арыстары» атты еске алу кеші


Сырдария аудандық балалар кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен оқу залында елімізде биылғы 2017 жылы Алаш партиясының 100 жылдығының аталып өтілуіне орай «Алаш қозғалысының Арыстары» атты еске алу кеші мектеп оқушылары арасында өткізілді. Мәдени шараның мақсаты: Алаш қозғалысы қазақ жерінің барлық түкпірлерін және барша әлеуметтік орталарды қамтып, шын мәніндегі бүкілхалықтық қозғалысқа ұласқандығын, сол себепті, оны ұлтымыздың сан ғасырлық тарихындағы ең ірі, ең ұзақ, ең пәрменді ұлт-азаттық қозғалысы деуге толық мүмкіндік бар екендігін айтып насихаттап жеткізу болды. Сонымен бірге, бұл қазақ тарихындағы зиялылардың тұтас буынын қалыптастырған, қайраткерлер дайындаған саяси қозғалыс екендігін айту. Алаш қайраткерлері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқай, М.Жұмабаев т.б. өнегелі өміржолы туралы кеңінен айтып насихаттап жеткізу болды. Оқу залында «Қазақтың бостандығы үшін күрескен тағдырлар» атты тақырыпта арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.