«Балғын балалық» атты ертеңгілік кеші


Асқар Тоқмағамбетов ауылдық модульді кітапхананың ұйымдастыруымен «Балғын балалық» атты ертеңгілік кеші өтті. Мерекелік кештің мақсаты: Оқырман балалардың бойындағы өнерлік қабілеттерін ашу, таланттарын насихаттау. Өнегелді, қанатты сөздерден ғибрат алу, әдептілікке, достыққа тәбиелеу. Шара басында кітапханашы оқушыларды ертегінің шығу тарихымен таныстырып, оның түрлеріне тоқталып өтті. Балалардың оқыған қызықты танымдық ертегілері ұзақ жылдар бойына олардың айнымас кеңесуші достарына айналатындығын түсіндірді. «Ертегілер өте көп, оны адамдар жүздеген жылдар бойында ойластырып келді. Олар тек қана қиял-ғажайып емес онда өмірге баулитын халықтың даналығы жатыр», – деген сөздерімен шараны жалғастырды.Ертегі кейіпкерлері мейірімділік пен зұлымдық, өтірік пен шындықты ажыратып, адал, батыл, әділ болуға үйрететіндігін балалардың санасына жеткізді. Балалармен бірге ертегі кейіпкерлерінің оң және теріс қасиеттерін талқылады. Бұдан әрі балалар «Ертегілер еліне саяхат» атты кітап көрмелері көмегімен жұмбақтарды шешіп, жаңылпаштар айтып, жұмбақтар шешті. мақал-мәтелдер айтып жарысты, өлеңдер оқыды. Өздері оқыған ертегі кейіпкерлері кіші сынып оқушылары арасында «Ерте, ерте, ертеде» атты қазақ ертегілерінен дауыстап оқу өткізілді. Атап айтатын болсақ, – «Ақыл мен ырыс», «Қазақ ертегілері», «Қожанасыр», «Алдаркөсе хикаялары», «Ерлік ертегілері» атты ертегі кітаптар оқып тыңдалды. Шара барысында кітапхананың жас оқырмандары Бекболатова Аяулым, Қайратова Айсара, Ақбота Шарапова, Тілепберген Қайыржан,Төлепбай Бақтияр,Омаров Қанат қазақ ақындары М.Мақатаев «Ана», Абай Құнанбаев «Жаз», Ө. Тұрманжанов «Кел балалар күлейік», Қ.Әбділданың «Отбасы», «Табиғат сыры», «Туған үй», С.Қалиев «Біз шадыман баламыз», «Менің елім» атты өлеңдерін оқыды. Ажарова Балжан,Ерғазы Ернұрдың орындауында әсем әнге жалғасты. Балаларға арналған «Шуақты балалық шақ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып таныстырылды.Мерекелік шарада жақсы өнер көрсеткен балаларға сыйлықтар таратылды. Әрі қарай жалғасы спорт алаңына ұласты. Ең епті де, мықты балалар спорт алаңшасында сайысқа түсті. Іс-шараға ат салысып,демеушілік белсенділік танытқан А.Тоқмағамбетов жеке шаруашылық, дипломмен және естелік сыйлықтармен марапаттады, әр бала сый сияпатқа ие болды.Әр балаға бақытты балалық шақ пен шадыман шаттық тіледі.