«Бар күш жігерін Қазақстан елінің болашағы үшін күрескен» атты портрет кеші


Шаған ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы,қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевқа арналған қоғамдағы ерен атқарған қызметімен шығармашылығын насихаттау мақсатында кітапхана оқырмандары арасында Бар күш жігерін Қазақстан елінің болашағы үшін күрескен»атты портрет кеші өткізіліп, барлығы 23адам қатысты. Мәдени шараның мақсаты:Қазақстан халық жазушысы, мемлекет, қоғам қайраткеріӘбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға кеңінен насихаттап жеткізу.Мәдени шараға ардагерлер төрағасы Тасбергенов Зұлхарнай ағай,белсенді кітапхана оқырмандары,зейнеткерлер Жақан Мұғалов,Серік Римов,РысбайӘмзеев,Райкүл Жалғасбаева,Жұлдыз Әбішева,Ербол Медеттер қатысып,қоғам қайраткері,жазушы Әбіш Кекілбаев жайында өз ойларын ортаға салды.Жазушының өмірбаянымен оқырман Жұлдыз Әбішова таныстырса, шығармашылығынан мағлұмат берген оқырман Медет Ербол –«Үркер»,«Елең-алаң» романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланады –дей келе, өзінің бұл шығармаларды қызыға оқитынын жеткізді.