«Басты мақсатымыз- Алаш идеясын ұрпақ бойына сіңіру» атты тарихи таным кеші


Сырдария аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен        Алаш қозғалысына – 100 жылығына орай «Басты мақсатымыз- Алаш идеясын ұрпақ бойына сіңіру» атты тарихи таным кеші кітапхана оқырмандары мен      № 210 мектептің 9 сынып оқушыларымен өткізіліп. Шараға 17 адам қатысты.

Шараның мақсаты: оқырмандарға Алаш идеясы -ғасырлар бойы азаттықты аңсаған ата- бабаларымыздың Ресей Федерациялық демократиялық республикасының құрамында қазақ автономиясын құру екендігін айтып жеткізу. Егемен ел, тәуелсіз мемлекет болу жолында өмірлерін сарп еткен ұлт зиялыларының өмір жолдарымен таныстыру. Елін, жерін, отанын қорғайтын ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу болды. Алаш қозғалысының тарихи негізгі Ресей отаршылдығының қазақ жеріндегі аса асқынған кезеңінен басталды десек те, Алаш идеясы одан әлдеқайда бұрын өмірге келіп, күні бүгінге дейін елім, жерім деп ұлт болашағын ойлаған әрбір қазақ жүрегінің терең түпкірінен орын тепкен. Өйткені Алаш қозғалысы қазақ қауымындағы отаршылдыққа қарсы бағытталған, прогресске ұмтылған жалпыхалықтық демократиялық қозғалыс еді. Алаш идеясы – қазақ идеясы.      Демек, «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш» дейтін біз үшін ол әрқашан қазақ идеологиясының темірқазығы болып келетіндігін айтып насихаттау болды.     Мәдени шара барысында «Алаш идеясы- қазақтың ұлттық идеясы» атты кең көлемде кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды. Нәтижесінде кітапханаға 3 жаңа оқырман тіркеліп, 7 кітап оқуға берілді.